Қостанай қаласы № 28 мектеп- гимназиясының салтанатты ашылуы.

  • Басты бет
  • Қостанай қаласы № 28 мектеп- гимназиясының салтанатты ашылуы.

4 қыркүйекте Қостанай қаласында мемлекеттік тілде білім беретін № 28 мектеп- гимназиясының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне қалалық әкімшілік, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы, оқушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл мектепте балаларға сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов айта кеткендей ғимаратты жөндеуге және жабдықтыруға 250 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Онын ішінде жергілікті бюджеттен-160млн. Теңге және демеушілік қаражат-94,7 млн.теңге. Аз уақыт ішінде мектептін шатыры жөнделді, жылу, сумен жабдықтау және су-құбыр жүйесі толығымен ауыстырылды, мектеп қабырғалары да жаңартылды. Сондай –ақ, гимназия үшін асханалық және музыкалық жабдықтар, сыныптарға жаңа жиһаздар, спорт жабдықтары орнатылды, химия, физика, биология, гореография, роботатехника кабинеттеріне әкімшіліктен қаржы бөлінді. Мектептің жобалық қуаты-900 орынды құрайды. Қазіргі таңда мектеп-гимназияда 500-ге жуық оқушы оқиды. Гимназияға білім алушыларды қабылдау жалғасатын болады. Сондай –ақ гимназия ғимаратының ішінде 90 орынды құрайтын қазақ тілінде оқытатын шағын орталық ашылады деп жоспарлануда. Бұл дегеніміз, жаңа мектеп жақын маңдағы мектептер мен шағын орталықтардың толымдылығын жояды. Ең бастысы, оқушылардың ана тілінде білім алуына қолайлы тілдік ортаны құрайды деп мәлімдеді.

0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету