Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар

Мектебімізде жаңа жыл мерекесіне арналған түрлі іс-шаралар өткізілді. Ең алдымен, МДС-11 сыныптар арасында қардан жасалған мүсіндер сайысы өтті. Әр сынып өзіне бекітілген жануардың мүсінін ата-аналармен бірігіп жасау қажет болды. Солай мектеп алдында қазақша жыл санау бойынша 12 жануардың мүсіндері пайда болды. Ең үздік мүсін 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» сынып оқушылары жасады. 2 орынды 1 «А», 1 «Ә» сынып оқушылары иеленді. 3 орынға 5  «А», 5 «Ә» сынып оқушылары тұрақтады. Аталған іс-шараның қорытындысы жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімінде айтылды. Жеңімпаз сыныптарға бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы мадақтамамен марапатталды.

0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету