Кішкентай достарға қамқор болайық

Мектебімізде «Жем жәшігі» акциясы аясында 31 қаңтар күні МДС-6 сыныптар арасында «Кішкентай достарға қамқор болайық» атты іс-шара өткізілді.  Акцияның мақсаты – құстарға жем жәшігін орналастыру болып табылады. Оқушылар аталмыш акцияға белсенді араласты. Ата-аналардың көмегімен  мектеп айналасында және оқушылар тұратын қала аулаларында құстарға арналған жем жәшіктері орналастырылды. Балаларды мектеп кезінен бастап игі істерге баулу, табиғатты қорғауға үйрету – тәрбиенің негізі болып саналады. Осылай, жас бүлдіршіндер табиғатты қорғау мақсатында өз үлесін қосты. Табиғатты бірге аялайық, достар!

0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету