Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті – Қазақстанның индустриялық – инновациялық дамуының кепілі

  • Басты бет
  • Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті – Қазақстанның индустриялық – инновациялық дамуының кепілі

Жыл сайын Қостанай қаласының Физика – математика лицейі базасында «Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті –  Қазақстанның индустриялық – инновациялық дамуының кепілі» атты Дәулетбаев Тобыл Есламғалиұлы атындағы аймақтық ғылыми – практикалық конференциясы өтеді. Биыл ІХ рет  өтіп отыр. Конференцияға №28 мектеп – гимназиясынан 7 жұмыс ұсынылды. 2 «Ә» сынып оқушысы Арман Жансен «Биология» секциясы , 2 «Ә» сынып оқушысы Хожаш Әлихан «Химия» секциясында , 2 «А» сынып оқушылары Абдрашова Айлана, Исмагулова Кауcар «Этномәдениет» секциясында, 4 «А» сынып оқушысы Хапез Нұрсат «Экология» секциясында, 10 «Ә» сынып оқушысы Канашева Аида «Химия», 10 «Ә» сынып оқушысы Наби Алинур «Қоршаған ортаны қорғау» секциясында, 11 «А» сынып оқушылары Майканова Зарина, Султанов Арлан «Химия» секциясында, 8 «Ә»  сынып оқушысы Ануханов Бекзат «Техника» секциясында жұмыстарын қорғады. Мектеп – гимназия оқушылары өздерінің зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі орындарға ие болды:

ІІ орын – 2 «А» сынып оқушылары Абдрашова Айлана, Исмагулова Кауcар (жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Казиева Ұ.И.), 10 «Ә» сынып оқушылары Канашева Аида (жетекшісі химия пәні мұғалімі Кайпбаев Ш.М.), Наби Алинур (Жетекшісі биология пәні мұғалімі Кайпбаева Б.), 11 «А» сынып оқушылары Майканова Зарина, Султанов Арлан (Жетекшісі химия пәні мұғалімі Кайпбаев Ш.М.);

ІІІ орын – 4 «А» сынып оқушысы Хапез Нұрсат (Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Досмаилова А.Б.), 8 «Ә»  сынып оқушысы Ануханов Бекзат (Жетекшісі – көркемеңбек пәні мұғалімі Рабаев С.Т.).

Жүлдегерлер мен ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!




 

0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету