Ант қабылдау рәсімі

Мектебімізде 14 ақпан күні 3 “А” жас сарбаз сыныбының ант қабылдау рәсімі және ауған соғысының ардагерлеріне арналған мерекелік концерт өткізілді. Қонақ болып келген ардагерлер өз оқиғаларымен бөлісіп, болашақта үлкен азамат болуларына тілектерін білдірді. Айта кетелік, 3 “А” сыныбы эксперименталды түрде қыркүйек айынан бастап жас сарбаз сыныбына ауысқан болатын. Сол уақыттан бері сынып әскери білім мен тәрбие алып келе жатыр. Оқушылардың болашақта мектептің үлгілі де тәрбиелі, елін қорғайтын ержүрек, адал, халқының тілін, дәстүрін, тарихын құрметтейтін азаматтар болатынына сеніміміз мол. Ант беру рәсімімен құттықтаймыз, жас достар. Алар асуларыңыз биік болсын.




0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету