Болашақ елдің тірегі – рухы асқақ зияткер қалыптастыру

  • Басты бет
  • Болашақ елдің тірегі – рухы асқақ зияткер қалыптастыру

Жыл сайын Қостанай қаласының №10 мектеп базасында 1-11 сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық әрекетін ынталандыру, қабілетті және дарынды балаларды іріктеу, оларға қолдау көрсету мақсатында «Болашақ елдің тірегі – рухы асқақ зияткер қалыптастыру» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияға №28 мектеп – гимназиясынан 13 жұмыс ұсынылды. 2 «Ә» сынып оқушылары Арман Арсен, Арман Жансен «Биология» секциясында, Хожаш Әлихан «Химия» секциясында, 3 «А» сынып оқушылары Ділдабек Алия «Орыс тілі мен әдебиеті», Аканов Али «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясында, 1 «А» сынып оқушылары Хусаинова Арсу, Кузембаева Инара «Этномәдениеттану» секциясында, 3 «Ә» сынып оқушысы Курмангалиева Әйгерім «Биология» секциясында, 10 «Ә» сынып оқушысы Канашева Аида «Биология» секциясында, 11 «А» сынып оқушысы Мейрбек Нұрбақыт «Медицина» секциясында, 9 «Ә» сынып оқушылары Ергазиева Милана «Биология» секциясында, Жусупова Рамина «Физика» секциясында, 5 «А» сынып оқушысы Қамшыбек Мейіржан «Тарих» секциясында, 6 «А» сынып оқушысы Адильбеков Адиль «Математика» секциясында жұмыстарын қорғады. Мектеп – гимназия оқушылары өздерінің зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі орындарға ие болды:
І орын – 9 «Ә» сынып оқушысы Жусупова Рамина (жетекшісі физика пәні мұғалімі Көптілеу М.А.);
ІІ орын – 1 «А» сынып оқушылары Хусаинова Арсу, Кузембаева Инара (жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Нургожина Г.А.), 11 «А» сынып оқушысы Мейрбек Нұрбақыт (жетекшісі биология – химия пәні мұғалімі Кайпбаев Ш.М.);
ІІІ орын – 3 «А» сынып оқушылары Ділдабек Алия (жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Досмаилова А.Б.), 2 «Ә» сынып оқушысы Хожаш Әлихан (жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Темирбаева А.К.), 9 «Ә» сынып оқушысы Ергазиева Милана (жетекшісі биология пәні мұғалімі Кайпбаева Б.).
Жүлдегерлер мен ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!







0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету