Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

«Жас сарбаз» балы

Ақпан айының 29 күні Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында алғаш рет «Жас сарбаз» балы өткізілді. Балға 170-ке жуық жас сарбаз сыныбының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің Шықрабек Қабылбаев атындағы би ұжымы және «Динамика» спорттық би клубының тәрбиеленушілері өз өнерлерін паш етті. 9-11 сынып сарбаздары балға үлкен дайындықпен келді. Бидің қыр-сырын үйретуге ат салысқан мектеп хореографы Есмағанбетова Салтанат. Ол балды жоғары деңгейде өткізу үшін тәрбиеленушілермен тыңғылықты дайындық жүргізді. Қазақ вальсінің кемеңгері Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең» атты әндері шырқалып,  сарбаздар өз өнерлерін паш етті. Сонымен, биыл ғана жас сарбаз атанған 3 сынып оқушылары да қалыс қалмады. Ұйымдастырылған «Жас сарбаз» балының мақсаты: Би өнерінің мәдинеті және тарихымен өскелең ұрпақты таныстыру. Балалардың  шығармашылық қабілетін  дамыту, рухани дамыған, этикет ережелерін білетін тұлғаны қалыптастыру. Себебі, Сарбаз-бұл тек қана автоматты пайдалана алатын және бұйрықтарды орындай алатын тұлға емес, ол жақсы дәстүрлерде тәрбиеленуі қажет. Шара соңында мектеп директоры Казиева Айгуль Айтқожақызы құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға алғыс білдірді. Қатысушы қонақтарға алғыс хат табысталды. Шара өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыруға ат салысқан театр ұжымына және барша оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз.






0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету