Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Жемқорлыққа жол жоқ

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыты алдын алу сипатындағы шараларын қолдану арқылы қоғам өмірінің түрлі салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Президент Қ.Қ. Тоқаев өзінің “Сындарлы қоғамдық диалог: Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық диалог, халықпен тығыз кері байланыс орнатқан кезде және “еститін мемлекет” тұжырымдамасы мәселелеріне ерекше назар аударған сәтте жүзеге асады деп айтқан болатын.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және облыс азаматтары арасында парасаттылық, адалдық және әділдік идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді шаралар қабылдап жатыр.

Осылайша, Департамент қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау үшін онлайн форматтағы әлеуметтік сауалнама жүйесін әзірледі:

https://docs.google.com/forms/d/13t4m8v1qqpBDqEkJjlHPkcuFUTog0yfV3WpzxaMSchs/edit

Құрметті ата-ана, аталмыш сауалнамаға белсенді қатысып, өз пікіріңізді қалдыруға шақырамыз!!!

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету