Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

2021 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы бiлiм бөлiмiнің № 28 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілінде оқитын 1- сыныбына балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде мектеп-гимназияның 1- сыныбына алты жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың құжаттары электронды түрде «SAKURA» электронды мектебі және ҚР электронды үкімет egov.kz. порталы арқылы қабылдау жүргізеді.

Мектепке өтініш білдірген кезде баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі ұсынатын қажетті құжаттары мыналар:
Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
Жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
Денсаулығы туралы анықтама (ф-063/у алдын ала егу картасы және ф-026/у «Баланың денсаулығы туралы паспорты»;
3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.

Мектеп-гимназияның мекен –жайы: Бородин көшесі, 138/1.
Байланыс телефоны: 87142374340, 87783803507

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету