Балаларды сауықтыру, қайта қалпына келтіру және демалысын ұйымдастыру туралы «Бөбек» Ұлттық Ғылыми-практикалық білім беру сауықтыру Орталығы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешені 7 жастан 15 жасқа дейінгі әлсіз, созылмалы ауруы бар,аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына, жетім балаларға, Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз региондарының балаларына арналған сауықтыру, қалпына келтіру және демалысын ұйымдастыру бойынша аталған отбасылардан шыққан балаларға іріктеу жүргізді.Ағымдағы жылдың 2 мамырында №28 мектеп-гимназиясы «Бөбек» Ұлттық Ғылыми-практикалық білім беру сауықтыру Орталығына 2 оқушы жолданды.Балалар «Бөбек» қорына жолданбас бұрын, өздерінің тұрғылықты жері бойынша терең медициналық тексеруден емханадан өтіп, медициналық картасын, ЖНТ, ЖТТ талдау нәтижелерін, дифтерияға мұрыннан және жұтқыншақтан талдаулардан өтіп, санитарлық-эпидемиологиялық қоршаған орта туралы анықтамаларды ұсынды.