Тамақтану

Қалалық білім бөлімінің 2020 жылғы 21 қазандағы «Қашықтықтан оқыту кезеңіне тегін ыстық тамақтың орнына әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларға құрғақ азық беру туралы» №308 бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының қыркүйек-желтоқсан айларында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалар құрғақ азықпен қамтамасыз етілді. Қыркүйек-қазан айларында – 44 оқушы: олардың ішінде 33 оқушы аз қамтылған отбасынан, табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасынан – 9 оқушы және басқа санаттағы (Қамқоршылық кеңестің 20.10.2020 ж. №2 хатт. шешімі) – 2 оқушы қамтамасыз етілді.
Қараша желтоқсан айларында – 45 оқушы: олардың 33-і аз қамтылған отбасынан, 10 оқушы – табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасынан және басқа санаттағы (Қамқоршылық кеңестің 20.10.2020 ж. №2 хатт. шешімі) – 2 оқушы қамтамасыз етілді.