Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

2019 жылдың 28 қарашасында тұңғыш президент күніне арналған  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектеп ата-аналары, қонақтар қатысты. Мереке барысында мектеп директоры Казиева Айгуль Айткожиновна өз сөзінде мектепте оқушылардың жақсы білім алып, бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Аз уақыттың ішінде жаңадан құрылған би, хор, вокал, театр, домбыра, барабан үйірмелерінің тәрбиеленушілері мерекеде өз өнерлерін көрсетті. «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының жане «Jastar» клубының  оқушылары мерекені жоғары деңгейде өткізуге ат салысты. Бұл  мерекелік іс-шара мектебімізде бірінші рет аталып өткеніне қарамастан ойдағыдай өтті. Баршаңызды тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз.

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету