«Жас ұлан» ,«Жас қыран» ұйымының қатары жас патриоттармен толықты.

  • Басты бет
  • «Жас ұлан» ,«Жас қыран» ұйымының қатары жас патриоттармен толықты.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай біздің мектебіміздің оқушылары «Жас  ұлан », «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиынына  қатысты. Бұл ұйымның мақсаты – өскелең жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, қазақ  халқының салт – дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңін, отанның тарихын білуге, білімге деген құштарлықтарын шыңдау болып табылады. Жиын барысында  оқушылар білімге табандылықпен ұмтылуға, ата-аналарын қадірлеуге, табиғатты  аялауға, өз отанын құрметтеуге және оны өз достарынан талап ететініне ант берді. Сонымен қатар,  оқушылар мектептің ұланбасын сайлады. Ол – 10 «Ә» сынып оқушысы Тактарбекова Айым. Алдағы уақытта ұйымның қатары жаңа оқушылармен толығады деген сенімдеміз.



0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету