Мектебімізде 17 қаңтар күні жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа байланысты өз пікірлерін еркін білдірді. Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті клубының осы уақытқа дейінгі жасаған іс-шараларымен танысты. Қазақ тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың даналық ойларымен таныс болды. Еліміздің президенті Қ.Тоқаев айтқандай: «Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық» болып табылады. Сонда ғана елімізде білімді де білікті, саналы ұрпақ қалыптасып, Қазақстанның көркеюіне өз үлесін қосады. Сондықтан, мектеп ұстаздары аталған қасиеттерді оқушыларға үйретуге бар күш-жігерін салып, білген-түйгенін үйретуде.