Екі жұлдыз

Мектебімізде 24 қаңтар күні «Екі жұлдыз» атты мектепішілік ән байқауы өткізілді. Аталмыш іс-шара екі номинация бойынша жүргізілді. Бірінші номинация бойынша ұстаздар мен оқушылар жұп болып ән айтса, екінші номинацияда ата-аналар мен оқушылар жұптасып ән айтты. Байқау жоғары деңгейде өткізілді. Бұл байқауға ата-аналар,  оқушылар және ұстаздар белсенді қатысты. Әділ қазылардың шешімімен бірінші номинация бойынша 1 орынды қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Муртазина Зауре Сыраковна мен оның оқушысы Жусупова Рамина иеленсе, ата-аналардың атынан «Бас жүлдеге» ие болған Нурмухамбетов Мади мен  оның қызы Мейрамхан Маржан иеленді. Қатысушылар арнайы мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!

0 Комментарий
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету