Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Жеңістерің құтты болсын!!!

Мектебіміздің оқушылары Алматы қаласында өткен «Ұлы дала мұрасы» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер өнер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Байқау 31 қаңтар күні бірнеше номинация бойынша өткізілді. Атап айтқанда, «Көркем сөз» номинациясы бойынша Шагаева Айша «Бас жүлдені» иеленсе, Сағидолла Гаухар мен Карасартова Ляззат 1 орын алды. «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Баймуханова Данель «Бас жүлдеге» ие болса, Майканова Зарина 1 орын алды. «Хореография» жанры бойынша Тактарбекова Айым мен Айтмагамбетова Гулим 1 орынға ие болды. Оқушыларды жарысқа дайындаған жетекшілеріне алғыс айта отырып, алдағы уақытта талай белестерді бағындыратын шәкірттері көбейе берсін дейміз. Қатысушыларды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету