Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Ән көңілдің ажары

03 ақпан күні мектебімізде «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәні он күндігі ашылды.
Шараның басты мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсенділендіру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мұғалімдердің, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту.
04 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәні он күндігі барысында, мектеп кітапханашысы Стихеева З.З басшылығымен 2-4 сыныптары және 7- 9 сыныптары аралығында «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесі» өтті.
Көрмеде А.Құнанбаетың шығармалары мен өзін-өзі тану пәніне байланысты қосымша материалдар қойылды.
Кітапханашы оқушыларға 12 ақпан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндірді.
Жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіріп өтті.
5 ақпан күні “Өзін өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы” айдарымен өтілген Республикалық онкүндігінің үшінші күнінде музыка мұғалімі Мансурова Толқынның қатысуымен “Ән көңілдің ажары” атты балалар арасында әндік фестивальдар мен конкурстар өтті. Оқушылар белсене катысты.
12 ақпан күні “Махаббат пен шығармашылық онкүндігі” аясында 4 “А”, 4 “Ә” сынып оқушылары арасында “Алтын жүрек анамыз” атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оқушылар іс-шараға белсене қатысты. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, мадақтамалармен марапатталды.







0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету