Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер назарына !

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы »
мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылына балаларды мектепке қабылдау Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі №564 бұйрығымен
бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі
қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

ҚР БҒМ 24.06.2020 жылғы № 264 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып,
2013 жылғы 15 сәуірдегі №564 қабылдаудың үлгілік ережелерінде Мемлекеттік қызмет
көрсету тәртібі белгіленді:

1. “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін
бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына”
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау”
2. “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау”

9-2 т. сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-аналарынан
немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың
1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізілетінін хабарлайды. Денсаулық жағдайы туралы
анықтамаларды уақытылы алудың күрделілігіне байланысты, құжаттарды денсаулық
жағдайы туралы құжаттарынсыз қабылдауды жүзеге асырады.

 

Мектеп әкімшілігі
Байланыс телефоны 37-43-40,37-43-41

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету