Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

“Көңілді мәре” спорттық эстафеталық жарысы өтті.

Еңбек күніне орай мектебімізде кәсіподақ ұйымының төрайымы Амина Бейсенбайқызының бастамасы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп қызметкерлері арасында “Көңілді мәре” спорттық эстафеталық жарысы өтті. Жарысқа 4 команда қатысты. Командалар алдымен өздерін таныстырып өтті. Бірнеше эстафеталық ойын түрлері бойынша, яғни, жылдамдыққа жүгіру, нысананы дәлдеп көздеу, допты жинау, арқан тартыс, т.б ойын түрлерінен бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша 3 орын “Сұңқар” және “Жалын” командалары, 2 орын “Жалын” командасы және 1 орынды “Шымыр” командасы иеленді. Ойын барысында әр ойын турлары бойынша ерекше көзге түскен қатысушылар мен жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл шараны ұйымдастырып, өткізілуіне себепші болған кәсіподақ төрайымы Амина Бейсенбайқызына мектебіміздің атынан Алғыс хат табыс етілді.

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету