Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

2021 жылы мамырдың 11-нде С.Мәуленов гимназиясы мен №28 мектеп-гимназия білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша жаратылыстану-математикалық бағытында 7-8 сыныптар арасында «IQ-дода» сайысы өтті.

2021 жылы мамырдың 11-нде С.Мәуленов гимназиясы мен №28 мектеп-гимназия білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша жаратылыстану-математикалық бағытында 7-8 сыныптар арасында  «IQ-дода» сайысы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: Қостанай қаласындағы С.Мәуленов гимназиясы мен №28 мектеп-гимназиясы өзара іс-қимылды, бір-бірімен тәжірибе алмасу мен мектептер арасындағы әдістемелік ынтымақтастықты ұйымдастыру. Осы сайысқа екі мектептен 5 оқушыдан барлығы 10 оқушы қатысты. 7-8 сынып оқушылары сайысқа белсенді қатысып, олардың ішінен Бас жүлдені С.Мәуленов гимназиясының 8 сынып оқушысы – Дәулетбаева Айтолқын, 1-ші орынға №28 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы – Балашова Дания, 2 мен 3-ші орынды С.Мәуленов гимназиясының 7 сынып оқушылары Жорабаева Аяулым мен Кумаркызы Айдана иеленді.

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету